Қызметкерлердің дербес деректерін қорғау және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

ШЖҚК «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК-нің комплаенс-офицері.
Комплаенс-офицер медициналық ұйым қызметінде қызметкерлер мен пациенттердің дербес деректерін қорғау, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау және құпия ақпараттың жария болуына жол бермеу мәселелері бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін орындау, еңбек тәртібін сақтау қажеттілігі атап өтілді.
Өз сөзінде комплаенс-офицер ұйым ішінде корпоративтік мәдениетті дамыту, қызметкерлер арасында өзара құрмет, жауапкершілік және қызметтік әдеп нормаларын сақтау ұйым қызметінің тиімділігіне оң әсер ететінін атап өтті.















