2024 жылдың 21 маусымында Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мониторинг нәтижелеріне арналған комплаенс қызметкерлерімен кеңес өтті. Отырыс барысында мониторинг нәтижелері ұсынылып, анықталған сәйкессіздіктер талқыланып, оларды жою бойынша қабылданған шаралар қарастырылды. Сондай-ақ, сәйкестік процедураларын жетілдіру және ішкі бақылауды күшейту бойынша жұмыстың негізгі бағыттары айтылды.


















