«Медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды мәселе»

2025 жылғы 15 қазанда ШЖҚ «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК-да директоры Ахметов Ақылбек Тұрысбекұлының төрағалығымен жиын өтті. Жиында «Медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды мәселе» тақырыбында комплаенс-офицер С.Тулегенова баяндама жасады. Салтанат Төлеуқызы медициналық ұйымның әрбір қызметкері өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында білуі керек және басшылыққа алуы тиіс кейбір заңнамалық өзгерістермен таныстырды. Сондай-ақ, медициналық ұжым қызметкерлері сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуге міндетті екенін еске салды.















